Total War: ROME REMASTERED

Total War: ROME REMASTERED ойынында Рим империясын жаулап алыңыз! 4K графикасымен шайқасып, 38 фракцияның бірін таңдаңыз. Саудагерлер арқылы пайдаңызды еселеп, үстемдік орнатыңыз!

Play

About the Game

Total War: ROME REMASTERED ойыны сізді Рим империясының аңызға айналған дәуіріне саяхатқа шақырады. Бабалар ізімен жүріп, тарихтың жаңа беттерін ашыңыз! Жаңа 4K форматтағы керемет графикасымен және қайталанбас геймплейімен әйгілі стратегиялық ойындар сериясындағы үздік туындылардың біріне қайта оралыңыз. Енді Римді қайта жаулап алу тек сізге ғана бұйырады!

ROME REMASTERED ойынында бұрын жабық болған 16 қосымша фракцияның арқасында әскеріңізді еселей аласыз. Күшті әскер құрып, 38 фракцияның бірін таңдап, шайқасқа кіріңіз! Total War тарихында тұңғыш рет сүйікті фракцияңызбен Windows, macOS және Linux платформаларында достарыңызбен бірге шайқаса аласыз. Ойынға саудагерлер сынды жаңа кейіпкерлер қосылды. Оларды әлемнің әр түкпіріне жіберіп, сауда жолдарын ашып, қазыналы ресурстарды игеріп, айлакер қарсыластарды сатып алыңыз. Осылайша, пайдаңызды еселеп, өз фракцияңыздың үстемдігін орнатасыз.

Ойынның таңғажайып жаңалықтары: Көздің жауын алатын 4K графикасы ойынның әрбір сәтін шынайы және әсерлі етеді. Кампания режимінде картаны қалаған бағытта айналдырып, өзіңізге ыңғайлы етіп өзгерте аласыз. Жаңа дипломатиялық қарым-қатынас пен қауіпсіздікті жақсарту үшін жаңа белгішелер мен карталар енгізілді. Жаңа тактикалық карта, бөлімше көрсеткіштері мен қашықтық белгілерінің арқасында шайқас кезінде Рим майдандарын басқару оңай. Рим сізді күтуде, жеңіске жетіңіз!

Where to Buy

Publisher SEGA Europe, Ltd.