Tropico 6

Еl Presidente қайта оралды! Tropico 6 ойынында сізді бірнеше аралды басқару, жаңа сынақтар мен мүмкіндіктер күтеді. Өз Банан Республикаңызды құрыңыз!

Ойнау

Ойын туралы

Еl Presidente қайта оралды! Кариб теңізіндегі Тропиконың жағажайлары мен қала көшелері қайтадан сізді күтуде. Бұл жолы сізге бірнеше аралды басқару жүктеледі, яғни бұрынғыдан да көп мүмкіндіктер мен жаңа сынақтарға дайын болыңыз. Өзіңізді қаһарлы диктатор ретінде де, бейбітшілікті сүйетін көшбасшы ретінде де сынай аласыз. Тропиконың тағдырын өз қолыңызға алып, әр дәуірде өзіңіздің Банан Республикаңызды құрыңыз.

Халықтың мүддесін ойлайтын, алысты болжайтын басшы әрқашан қажет. Әсіресе, саяси дода мен әлеуметтік өзгерістер кезінде. Осындай алмағайып заманда ел тізгінін ұстау – үлкен сын. Бұл ойында сіз өзіңіздің саясатыңызды жүргізіп, стратегияңызды жасай аласыз. Жаңа халықаралық келісімдерге қол жеткізіп, әрдайым халқыңыздың қажеттіліктерін бірінші орынға қойыңыз. Сіз Елбасы болудың қыр-сырын үйреніп, билікті баянды ету үшін аянбай еңбек етесіз.

Бұл ойынның ерекшеліктері:

  • Архипелагтарда ойнау: Серияда алғаш рет үлкен архипелагтарды басқару мүмкіндігіне ие боласыз. Бірнеше аралды бір уақытта басқарып, түрлі сынақтарға тап келіңіз.
  • Рейдтер ұйымдастыру: Агенттеріңізді басқа мемлекеттерге жіберіп, әлемге әйгілі нысандарды ұрлап, өз коллекцияңызды толықтырыңыз.
  • Инфрақұрылымды дамыту: Көпірлер мен туннельдер салып, тұрғындар мен туристерді такси, автобустар мен аспалы жолдар арқылы тасымалдаңыз. «Tropico 6» ойынында көлік және инфрақұрылымның жаңа түрлерін пайдалануға болады.

Сарайыңыздың сыртқы келбетін өз қалауыңызша өзгертіп, әртүрлі әшекейлерді пайдаланыңыз. «Tropico 6» стратегиясы әлемдегі ең ұлы диктатор атанудың саяси қырларын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сайлау қарсаңында халыққа жағымды сөздер айтып, орындалмайтын уәделер беріңіз. Төрт ойыншыға дейін бірлесіп ойнауға және бәсекелесуге болады.

Кариб теңізінде өз империяңызды құрып, аңызға айналыңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Kalypso Media Group GmbH