Ultimate Fishing Simulator
Ultimate Fishing Simulator
Ultimate Fishing Sim – керемет балық аулау симуляторы! Балық аулау әдістерін қолданып, әлемнің әр түкпірінде балық аулаңыз. Қысқы балық аулау да бар! Ultimate Fishing Sim-де балықшы бол!
About the Game
Ultimate Fishing Simulator – жаныңызды баурап алатын шынайы әсерлер мен қызықты оқиғаларға толы үздік балық аулау әлеміне қош келдіңіз! Бұл ойында аңызға айналған қаһарман балықтарды аулауға мүмкіндік аласыз.
Жылдың қай мезгілі болса да, Ultimate Fishing Sim-де балық аулау тоқтамайды! Жазғы жасыл жайлауда да, қысқы қарлы боранда да балық аулауға болады. Ойында әртүрлі әдістерді қолданып, әлемнің әр түкпіріндегі көлдер мен өзендерде балық аулауға болады, тіпті интернетке қосылудың да қажеті жоқ. Ultimate Fishing Sim ойынында сізді тылсым мекендер мен тосын сыйлар күтеді. Қармаққа түсетін ақмарқа, алабұға, шортан, жайын және басқа да балық түрлері сізді таң қалдырады. Дұрыс құрал-жабдықтарды таңдап, әр балықтың өзіне сай жемді суға салыңыз, сонда олжалы болуыңызға кепілдік бар! Қармақты тереңге тастап, су асты әлемін зерттей отырып, нағыз балықшыдай сезініңіз!
Ultimate Fishing Simulator тек жазғы балық аулаумен шектелмейді, сонымен қатар қысқы қардың астында да балық аулаудың кереметін көресіз! «Қыс қызығы – мұз астында» демекші, дүкеннен мұз бұрғысын сатып алып, қолайлы әрі қауіпсіз жерді тауып, мұзды тесіңіз. Тесіктің балықты шығарып алуға мүмкіндік беретіндей үлкен болғанына көз жеткізіңіз. Ултимейт Фишинг Симуляторда балық аулау додасына қатысып, басқа ойыншылармен кім мықтыны анықтаңыз. Ойынның екі түрлі қиындық деңгейі бар, сондықтан әркім өзі қалағанын таңдай алады. Егер балықшы болуды армандасаңыз, дәл қазір виртуалды әлемге саяхаттап, арманыңызды орындаңыз!
Where to Buy
| Publisher | Ultimate Games S.A. |