Wayfinder

Еvenor күйреді, оны сен Wayfinder достарыңмен бірге құтқара аласың! Әр қадам сайын тылсым әлемдер, құбыжықтар мен аңыз қазыналар күтеді. Сапарың ұмытылмас болсын!

Ойнау

Ойын туралы

Еvenor әлемі күйреген, енді оны қайта тірілту сенің қолыңда! Сен және сенің Wayfinder достарың әлемді жаулаған аласапыраннан құтқарып, бірлесе күш сынасады. Өзің қалаған жолды таңда, қайталанбас стиліңді жаса. Ынтымағы жарасқан елдің – ырысы артады!

Әр қадам сайын көз тартар тылсым әлемдерге саяхат жасап, ғажайып оқиғалардың куәсі бол. Түрлі құбыжықтармен айқасып, аңызға айналған қазынаны іздеуге кіріс. Әрбір жаңа тапсырмада жаныңа қуат беретін қару-жарақ, көңіліңді көтеретін әсем киім-кешек және үйіңді жайнататын ғажайып заттар табасың. Осылайша қираған Evenor әлемін қайта гүлдендіруге өз үлесіңді қос! Wayfinder әлеміндегі әрбір сапар сенің шешіміңе байланысты өзгереді, әрбір сәтті ұмытылмас қылады.

Wayfinder әлемінің ерекшеліктері:

  • Әрбір Wayfinder кейіпкері дара қасиетке ие, шексіз күшін сезін!
  • Достарыңмен бірге мызғымас команда құрып, ең мықтыларды да мойындат!
  • Gloom Dagger құрылғысы арқылы ойынның әр сәтін өзің қалағандай құбылтып, қызықты оқиғаларға жол аш!

Жаңа Wayfinder оқиғаларына достарыңмен бірге дайынсың ба? Evenor әлемі сені асыға күтуде!

Қайдан сатып алу

Баспагер Airship Syndicate