Assetto Corsa EVO
Assetto Corsa EVO
Assetto Corsa EVO әлеміне қош келдің! Әрбір бұрылыс – шынайы жарыс. Авто тарихындағы көліктер мен трассалар сізді күтеді. Тізгінді ұстап, жылдамдықты арттыруға дайын бол!
About the Game
Assetto Corsa Evolution әлеміне қош келдіңіз! Әрбір бұрылыс пен жылдамдық сізді шынайы жарысқа жетелейді. Бұл ойын сізге жылдар бойғы автокөлік тарихындағы әр түрлі кластағы көліктер мен трассаларды ұсынады. Тізгінді ұстап, жылдамдықты арттыруға дайын болыңыз!
Assetto Corsa Next-Gen сізге механикалық, электрондық және аэродинамикалық көрсеткіштерді керемет дәлдікпен қайталайтын жетілдірілген жүйе арқылы жасалған әр көліктің рөліне отыруға мүмкіндік береді. Лазерлік сканерлеу технологиясының арқасында жасалған әрбір трассаның шынайылығы сізді жарыс әлемінің қақ ортасына алып барады. Мұнда әрбір бөлшек, тіпті ең кішкентайы да ескерілген.
Ойынның көрнекілігіне келсек, KUNOS Simulazioni-дің жаңа фотореалистік қозғалтқышының арқасында VR және үш экранды қолдау мүмкіндіктеріне басымдық берілді. Бұл сізді виртуалды жарыс әлеміне толықтай енуге мүмкіндік береді. Ауа райының әртүрлі жағдайларындағы асфальттың өзгеруін ескеретін жаңа математикалық модель шынайылықты одан әрі арттырады. Демек, сіз Assetto Corsa EVO-да нағыз жарыс сезімін бастан кешіресіз!
Жарыс әлеміне енуге дайын болсаңыз, Assetto Corsa EVO Қазақстандық лигасы сізді күтеді! Достарыңызбен бірге онлайн жарыстарға қатысып, шаң қаптырып, кімнің мықты екенін дәлелдеңіз. Assetto Corsa EVO: автосимуляторлар әлемі сізге ұмытылмас әсер сыйлайды!
Where to Buy
| Publisher | 505 Games |
| Developer | Kunos Simulazioni |