Fortnite Festival

Fortnite Фестивалінде достарыңмен бірге музыкалық әлемге саяхат жаса! Сахнада өнер көрсетіп, музыкалық додада алдыңғы қатардан көрін. Fortnite музыкалық ойыны – өнерлі жандардың ордасы!

Ойнау

Ойын туралы

Достарыңмен бірге музыкалық әлемнің жүрегіне саяхат жасап, Фортнайт Фестивалінде өнердің шыңына шығыңдар! Сахнаның сәнін келтіріп, сүйікті әртістеріңнің әндерін асқақтатып, музыкалық додада алдыңғы қатардан көрініп, көшбасшылардың арасына қосылыңдар. Достарыңмен бірлесіп, Фестивальдің Jam алаңында өз стиліңмен ерекшеленіп, қайталанбас туынды жасай біліңдер!

Бұл – Фортнайт сахнасында музыкалық әуендердің әлеміне қанат қағудың таптырмас мүмкіндігі. Жаңа әндер мен кереметтей концерттер әрқашан сендерді күтеді. Достарыңмен бір дастарқан басында бас қосып, Фортнайттың музыкалық фестивалінде думанды кештер ұйымдастырып, шаттыққа бөленіңдер. Әр маусым сайын жаңа тосын сыйлар мен қызықты да күтпеген сынақтар сендерді таң қалдырары сөзсіз.

Фортнайт музыкалық ойыны – өнерлі жандардың басын қосатын орда. Epic Games баршаңызды осы бір ғажайып көп ойыншылы Фортнайт фестиваліне қатысып, өз өнерлеріңізді көрсетуге шақырады!

Қайдан сатып алу

Баспагер Epic Games
Әзірлеуші Epic Games

Ойын ерекшеліктері

Reflex Қолжетімді
DualShock4 Қолжетімді
DualSense Қолжетімді