MARVEL vs. CAPCOM Fighting Collection: Arcade Classics

Аты аңызға айналған Marvel және Capcom қаһармандарының тоғысқан айқасы қайта оралды! Marvel vs. Capcom Fighting Collection сізді ғажайып әлемге жетелейді. Онлайнда достарыңмен ойна!

Ойнау

Ойын туралы

Аты аңызға айналған Marvel және Capcom әлемдерінің қаһармандарының тоғысқан айқасы қайта оралды! X-MEN VS. STREET FIGHTER және MARVEL vs. CAPCOM 2 New Age of Heroes сынды атышулы ойындарды қамтитын «Marvel vs. Capcom Fighting Collection» ойын жинағы сізді ғажайып әлемге жетелейді. Бұл топтамада сирек кездесетін THE PUNISHER ойыны да бар. «Ескі дос жаңасынан артық» демекші, балалық шақтың хош иісін сездіретін осы ойындарды бірге еске түсірейік!

Ойынның әрқайсысын онлайн режимінде достарыңызбен бірге тамашалай аласыз. Сегіз биттік дәуірдің сағынышын сезініп, Marvel батырларының қатысуымен өтетін «ғаламат шайқастың» куәсі болыңыз. Бұл топтама тіпті ойынды жаңадан бастағандарға да қолайлы, себебі қиындық деңгейін реттеуге, бір ғана батырманы басу арқылы арнайы соққылар жасауға және жаттығу бөлімінде машықтануға мүмкіндік береді. Енді кез келген уақытта ойынды сақтап, кейіннен қайта жалғастыруға болады.

Сонымен қатар, біздің ұсынып отырған Capcom ойындарының топтамасында 500-ден астам сурет пен түпнұсқа ойындарды жасауға кеткен талмас еңбектің жемісін көресіз. Музыкалық бөлімде 200-ден астам әуен бар, оларды кез келген уақытта тыңдап, көңіліңізді көтере аласыз. Аркадалық төбелес ойындарының қызығына батыңыз! Бұл жинақта X-MEN CHILDREN OF THE ATOM, MARVEL SUPER HEROES, X-MEN VS. STREET FIGHTER және басқа да көптеген үздік ойындар бар. Тарихы тереңде жатқан осы ойындармен бірге тамаша саяхатқа шығайық!

Қайдан сатып алу

Баспагер CAPCOM Co., Ltd