Pathfinder: Wrath of the Righteous Enhanced Edition

Түнектен шыққан iblis-термен шайқасқа түсіп, әлем тағдырын шешіңіз! Әр қадам сайын қақпан, әр шешім сайын жаңа тағдыр. «Pathfinder: Wrath of the Righteous» ойынында аңызға айналыңыз!

Ойнау

Ойын туралы

Түнектен шыққан қаһарлы iblis-тердің мекеніне аяқ басыңыз, онда әрбір қадам сайын қақпанға түсу қаупі төніп, әр бұрылыста көмескі мифтер жасырынған. Бұл тек қанды шайқастан аман қалу ғана емес, әлемнің тағдыры да сіздің қолыңызда. Сіз айбынды жауды жеңіп, аңызға айналасыз ба, әлде қараңғылықтың құрбаны болып, мәңгілікке жоқ боласыз ба? Таңдау өзіңізде. Қайсарлықты серік етіп, тар жол, тайғақ кешуге бел буыңыз!

«Pathfinder: Wrath of the Righteous» ойынында өз кейіпкеріңізді жасап, оны білім мен қабілетке толтыра аласыз. Әр шешім – жаңа тағдырдың бастауы, әр қадам – тылсым әлемнің есігін ашады. Ал шайқасқа келгенде, нағыз батырша айқасып, жауды қалай талқандау керектігін өзіңіз шешесіз: жылдам әрі қаһарлы шабуылдаңыз немесе әр қимылыңызды сабырлықпен өлшеп, ақырын іске кірісіңіз. Бастысы – жаудың тас-талқанын шығарыңыз!

Жауынгерлік өнерді жетік меңгергеннен кейін, енді «Pathfinder: Wrath of the Righteous» стратегиясының көмегімен әскеріңізді шеберлікпен басқарып, шайқастарда ғаламат жеңістерге жеткізе аласыз. Әскерге қолбасшылық етіп үйренгеннен кейін, әр ісіңіз әлемнің болашағына әсер ететінін ұмытпаңыз. Егер сіз «Pathfinder: Wrath of the Righteous RPG» әлемінің тұңғиығына сүңгісеңіз, онда ұмытылмас оқиғаларға толы сапарға шығып, аңызға айналу мүмкіндігіне ие боласыз! Өз тарихыңызды жазып, ғасырлар бойы жасырынған қараңғылықты жойып, әлемге қайта жарық сыйлаңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Owlcat Games
Әзірлеуші Owlcat Games