Police Simulator: Patrol Officers
Police Simulator: Patrol Officers
Брайтонға қош келдіңіз! Police Simulator: Patrol Officers-те тәртіп сақшысы болып, қаланың заңдылығын қалпына келтіріңіз. Көше патрулінің симуляторында қырағы болыңыз!
Ойын туралы
Брайтонға қош келдіңіз! Бұл ойдан шығарылған Америка қаласының көшелерінде сізді полиция қызметкерінің қызықты да жауапты күндері күтіп тұр. Police Simulator: Patrol Officers ойынында өзіңізді нағыз тәртіп сақшысындай сезініп, қаланың заңдылығын қалпына келтіруге ат салысыңыз. Алдымен сіз құқық бұзушылықтарды тіркеп, дұрыс емес жерге қойылған көліктерге айыппұл жазасыз, ал кейін сізге аса маңызды міндеттемелер жүктеледі.
Брайтон қаласының бір бөлігі болыңыз, өз ауданыңызды зерттеп, күнделікті патрульдік жұмысыңыз арқылы қылмыспен күресіңіз. Әрқашан батыл әрі әділ болыңыз: заңды сыйлаңыз және жаңа аудандар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тәжірибе жинақтаңыз. Брайтонның ашық әлемінде сіз патрульдік аймақтарды таңдап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз, себебі көше патрулінің симуляторында сан алуан оқиғалар мен күтпеген жағдайлар толассыз орын алып жатады, сондықтан әрдайым қырағылық танытыңыз!
Полиция қызметкерінің симуляторында куәлардан жауап алу кезінде интуиция жүйесінің арқасында аса маңызды деген мәліметтерді де оп-оңай анықтай аласыз. Сұрақ-жауап кезінде әрбір сөзге және әрекетке мұқият болыңыз. Тәжірибелі ойыншылар үшін Police Simulator ойынында ең шынайы тәжірибе сыйлайтын симуляциялық режим бар. Ал егер сіз Брайтон көшелерінде жай ғана қыдырғыңыз келсе, онда қарапайым режимді таңдаңыз.