V Rising
V Rising
V Rising әлеміне қош келдіңіз! Ғасырлар ұйқыдан оянған вампир ретінде қанға шөлдеп, күндізгі жарықтан тасалануың керек. Қамалыңды тұрғызып, адамдарды бағындыр! V Rising ойыны қазақшаланды!
Ойын туралы
'V Rising әлеміне қош келдіңіз – вампирлердің тылсым әрі қауіпті әлемі! Ғасырлар бойы ұйқыдан оянған әлсіз вампир ретінде, сіз қанға шөлдеп, күндізгі жарықтан бой тасалап аман қалуға тиіссіз. Өз қамалыңызды қайта тұрғызып, адамдарды империяңызға қызмет ететін адал жандарға айналдырыңыз. Тіл жанашырларымызға толыққанды сезіммен ойнау үшін, В Райзинг ойыны қазақшаланды!
V Rising-те вампирлік қару-жарақ пен қабілеттеріңізді шыңдай отырып, күшіңізді еселеңіз. Қаруды сиқырмен ұштастырып, өзіңіздің ойын стиліңізге қарай бейімдеңіз. Түн жамылып құрбандарыңызды аулаңыз, күннің батуы мен шығуын ескере отырып, әрбір қадамыңызды жоспарлаңыз. Достарыңызбен бірігіп, көп ойыншы режимінде Вардоранның ең үлкен қауіптеріне қарсы тұрыңыз! Осы әлемде аңызға толы қорқынышты жаратылыстар мен қатерлі аймақтарды зерттеп, сирек кездесетін қазыналарды іздеңіз. Құрылыс материалдарын жинап, ұмыт болған білімді жаңғыртып, зәулім қамалыңызды тұрғызып, оны өз құдіретіңіздің айғағына айналдырыңыз. Жауларыңызды аяусыз жазалау үшін, өлімге әкелетін қарулар мен тылсым қабілеттерді үйреніңіз.
Егер сіз қан сорғыштардың әлеміне саяхаттап, аман қалудың айрықша жолын іздесеңіз, V Rising – таптырмас таңдау! Ол сізді ұмытылмас шайқастар мен оқиғаларға толы әлемге жетелейді! Өз тағдырыңызды таңдап, Дракулаға қарсы күресіп, түнектің билеушісі атаныңыз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Stunlock Studios |